Үлкен көлемді мамық жылуды сақтайды және жылу оқшаулауын қамтамасыз етеді. Сондықтан көрпелер мен киімдерді толтыру үшін қолданылады. Ақ мамық ең қымбат болғанымен, ақ пен сұр немесе аралас мамық арасында сапа жағынан ешқандай айырмашылық жоқ. Мамық маталар сыртқы түрін сақтау үшін үнемі тазалауды қажет етеді.
Жуу: Miele компаниясы мамық толтырылған жастықтар мен көрпелерді жууға арналған арнайы бағдарламаларды әзірледі. Жоғары температура мен жоғары су деңгейі кірден шаң кенелерін және олардың нәжісін тиімді түрде жояды.
Кептіру: Miele кір кептіргіштерінде «Жастық» және «Үлкен жастық» бағдарламалары қарастырылған. Осылайша, көрпелеріңіз бен жастықтарыңыз оңтайлы кептіріліп, хош иісті болады.
Қосымша кеңес: Miele CareCollection топтамасының «Мамық» заттарған арналған арнайы жуғыш құралы курткаларды, жастық қапшықтарын, жастықтарды және басқа да мамық толтырылған заттарды жұмсақ және тиімді тазалауды қамтамасыз етеді.